"Ми ашудың көкесі енді болады": Бүгін жұлдыздар арасынан кімдердің баласы 1 сыныпқа барды

0
7 867

Бүгінгі білім күнінде отандық танымал эстрада әншілері мен блогер, журналистер «онлайннан шаршағандықтарын» мойындады


Бүгін танымал әнші Қайрат Нұртас пен оның жұбайы Жұлдыз Әбдікаримова төртінші перзенті Ханды бірінші сыныпқа берді.

6 жасар Ханның анасы инстаграмдағы парақшасында: «Хан жігіт болды. Бірінші сыныптың оқушысы атанды. Енді біздің үйде 4 оқушы болды, ми ашудың көкесі, «Мұғаліммен», «мұғалімсіз» чаттардың екі есесі қосылды. Оқу жылы құтты болсын! Мұғалімге де, ата-аналарға да, балаларға да сабыр тілеймін, зейіндері ашылсын», - деп ағынан жарылды.


Ал қос журналистен құралған танымал отбасылық жұп Нұрділдә Ораз бен Гүлнәз Әлімгерейдің отбасында Мәриям атты кішкентай қыздары уақытынан бұрын мектеп табалдырығын аттапты.

«Үйдегі оқушылардың қатарына Мәриям қосылды «наконец-то» (өзінің етінің тірілігінің арқасында, әйтпесе, келесі жылы береміз деп ойладық). Әжесінің жекеменшігі Марикошымыз Гүлмира әпкемнің қызынан қалмай, «мектепке барам» деп тұрып алды. Жасы әлі алтыға толмаса да оқуға ынтасы зор. «Таңертең оятып жіберсеңдер болды» дейді. Әрі қарай бәрін өзі қатырады екен. Ең бастысы, онлайннан құдай сақтап, мектепте толыққанды оқушы сезініп, білім алсыншы деген тілек қой біздікі. Әсіресе, биыл «Әліппенің» оқу бағдарламасына оралуы тарихи сәт. Қазіргі министрге үлкен рахмет. Баламыз оқып үлгерсін, әйтпесе тағы басшы ауысса «Әліппеміз» құрбан боп кетер».

Белгілі тележурналист, диктор Гүлнәз Әлімгерей онлайннан шаршағандығын, «Әліппенің» қазақ қоғамына қайта оралғанына қуанышын жеткізді.


Одан өзге, халықтың сүйікті әнші жұбы Әділ мен Дананың, қоңыр дауыс иесі Досымжан Таңатаровтың, жұлдызды әнші Мадина Садуақасова парақшаларында балаларының суретін салып, қазақ елін 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтады.