"МузАРТ" тобының әншісі көпбалалы әке атанды

0
2 616

Отбасындағы 18 баланың кенжесі болған әнші төртінші баланың әкесі атанды.


"Музарттық" Кенжебек Жанәбілов ұлды болды. Әншінің жұбайы төртінші баласын дүниеге әкеліп, көпбалалы жұлдызды отбасылардың қатарына қосылды. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында сүйінші сұрап жариялаған.

"Сүйінші, ағайын! Жұма күні ұл сыйлағаныңа сансыз шүкір, Раббым! Алладан басқа жоқ тәңір! Төреш сен ұсынған #челендж2020 аяғы осындай болды!" - дейді көпбалалы әке.


Жаңалықпен әншінің әріптесі Сәкен Майғазиев те Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.

"Сүйінші, ағайын! Қасиетті жұма күні Кенжебегіміз бен Жәмиламыз ұлды болды! Құлыншағымыз нағыз ер азамат болып өссін", - дейді әнші жазбасында.

Көпбалалы әке атанған әншіні Маржан Арапбаева, Толқын Забирова, Ғазизхан Шекербеков, Айгүл Елшібаева құттықтап, жылы лебізін білдірген.

Еске салайық, Кенжебек пен Жамиланың Ахмет есімді ұлы мен Карима және Калима есімді егіз қызы бар.

Кенжебек Жанәбілов 1982 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Шу ауылында дүниеге келген. "МузАРТ" тобының әншісі топта көбіне сылдырмақта ойнайды. Әнші - отбасындағы 18 баланың кенжесі.