"Нағыз ауылдың келіні": Алтынай Жорабаева сиыр сауып, тандырға нан жапты (видео)

0
12 615

Әнші оқырмандарына ауылдың шынайы өмірін көрсетті.


Жақында ғана екінші рет келін атанған Алтынай Жорбаева Инстаграм парақшасына ауыл өмірінен әсерлі видеолар жүктеді. Төрт қыздың анасы кез келген шаруаның дөңгелетіп әкете алатынын, тіпті ауыл тіршілігіне де төселгенін көрсетті. Келіндік міндетіне белсене кірісіп кеткен әнші тандырға нан пісіріп, сиыр сауып жүр.

Екі апта бұрын әнші ауылға аттанды. Күйеуінің ауылына барған Алтынай үйде бос отыруды құп көрмеген сыңайлы. Күн сайын пісірген үй тағамдарын, тандыр наны мен сиыр сауғанына дейін әлеуметтік желіде жариялады.






"Таңертең сиыр сауып, кешке микрафон ұстап, ән салады", "Алтынайға қарап таңғаламын, сондай қарапайым", "Ақкөңіл, қарапайымдылығы ұнайды", "Осындай видеоларды көптеп салыңыз, көзіміз қуанады", "Күйеуінің жолы болды", - деп тамсанды әншінің оқырмандары.


Еске салайық, мамыр айында Алтынай Жорабаева әлеуметтік парақшасында екінші рет тұрмысқа шығатынын жазған. Әншінің таңдауы 39 жастағы Қостанай қаласының тумасы, келінінің ағасына түскен.