"Наймандар сендерге не істеді?": Танымал актер руды мазақ еткендерге қатты ашуланды (видео)

0
3 421

"Әкеңді өлтірді ме, әлде қызыңды зорлады ма?" деп ашынды актер.


фото: видеодан скриншот

Қазақ киносында өзіндік қолтаңбасы бар танымал актер Алмат Сағатов әлеуметтік желіде өзінің ренішін жасырмай айтып салды.

Бұл туралы актердің өзі инстаграм желісіндегі парақшасына бейнежазба арқылы жариялаған. Ол бейнежазбасында өзінің сауалы мен сөзін негізінен әртістер мен сценаристерге арнапты.

"Наймандар сендерге не істеді? Әкеңді өлтірді ме? Қызыңды зорлады ма?" деп ашуланған ол сөзін "Найманнан басқа тақырып жоқ па?" деп жалғайды.

Сонымен қатар, теледидардан да осынау руды мазақ еткендерді көргенін айтып, ызалы күйде мысалға келтірді.

"Не сөз мынау? Басқа руды негемазақтамайсыңдар? Шамаларың жетсе, батыстағы Адайды немесе Шапыраштыны мазақта!" дейді ол.




Актердің бұл бейнежазбасына әлеуметтік желідегі оқырмандары көптеген пікір қалдырған. Пікірлердің барлығы дерлік руға бөлінгеннің дұрыс емес екендігіне саяды. "Бөлінгенді бөрі жейді" дегенді алға тартқан көпшілік актердің бұл пікірін қолдап, ел ішіндегі кемшілікті ашық айтқаны үшін алғыстарын жаудырып жатыр.