"Неге төренің баласы ұқсап маған дік-дік етіп тұрсың?": Нұрболат Абдуллин орыс тілділермен төбелесіп қалды

0
4 445


"Қазақша сөзге түсінбейтіндерді осылай ұрып жүрмін". Осылай деген әнші орыс тілділермен төбелесіп қалды. Бірақ мұнысы тек қойылым ғана. Десе де осы арқылы ол тілге деген құрметті арттырғысы келген.

Өзінің әлеуметтік желідеге парақшасына видео жариялаған Нұрболат Абдуллин онда орыс тілді жігітпен қазақша және тұрақты тіркестерді қолдана отырып сөйлейді. Ал сөзге түсінбеген жігітті барып, кітаппен ұрған.


Бұл видеоны көрген желі қолданушылары күлкіге қарып болып, әншінің бұл бастамасына қолдау білдірген.