Нұрболат Абдуллин мен Кәмшат Жолдыбаеваны не байланыстырады?

0
7 417

Олар кімге, не тыңдата алмай жүр?


Нұрболат Абдуллин мен Кәмшат Жолдыбаеваны не байланыстырады?

Нұрболат Абдуллин мен Кәмшат Жолдыбаеваны не байланыстырады? Бұл сұрақ екі жұлдыздың соңғы бейнебаяндарынан кейін көпшілікке қызық болып қалды. Өйткені әндерінің атауымен, бейнебаяндарының кейбір кадрлары да өте ұқсас.

Мысалы Кәмшат Жолдыбаева "Тыңда мені" десе, Нұрбуллин "Сен мені тыңда" деп ән салуда. Сахнадағы қыз сұлуы мен жігіттің көріктісі бір-біріне жауап қатып тұрғандай. Ал бейнебаяндарында екеуінде де "жалғыз көретін" кадрлар жеткілікті.

Бұл бейнебаянды көпшілік сынға алып, ұнамағандарын аңғартуда. Баян Мақсатқызының жобасы бұл сынға бірінші рет ілініп тұрған жоқ, ал Нұрболаттан халық мұндайды күтпеген сыңайлы. Өйткені пікірлерден ренжіген тыңдарманның көп екенін аңғару қиын емес.


Олар Нұрболаттың бейнеклипіне "Ninty One-ды емес осындай арзан, сапасыз аншілерді құрту керек! Жастарды улап жатыр осындай арсыз бейнетаспасымен!", "Ұятсыз дүниесіз-ақ тамаша клип түсіруге болады", десе Кәмшаттың тыңдармандары "Керемет" деп жазып жатқан адамдарды түсінбеймін.. Қайда кетіп барамыз? Мұндай әншілерге бір жаза қолдану керек деп ойлаймын. Мұндай форматтағы бейнеклиптерге тыйым салу керек" деп кесіп айтты. Араларында Нұрболат пен Кәмшаттың әнінен үндестік іздеп, салыстыруға тырысқандар да бар.

Фото желіден алынды.

ERNUR.KZ