Нұрболат Абдуллин микрофонын қалтасына тығып жүр

0
1 944

«Микрофон стойкасына қойсаң өте әдемі болар еді, қалтаға салғаның ерсі көрінеді»


Нұрболат Абдуллин микрофонын қалтасына тығып жүр

Көпшіліктің көзайымына айналған әнші Нұрболат Абдуллин карантиннен кейін алғашқы концертін Шымкент қаласында берді. Әншіні көрермендерін, көрермендер әншіні сағынып-ақ қалған екен.

Сахна төрінде әуезді әндерін шырқап қана қоймай, келісті биін де билеген әншінің микрофонын қалтасына салып қойғанын байқауға болады. Инстаграм парақшасына салған видеода Нұрболат Абдуллин микрофонын қалтасына салып жіберіп, ән ырғағымен билегенін көруге болады.




Ал әншінің оқырмандары «Супер!», «Мына қыздардың өңештері үзілді-ау», «Әдемііі» деген сияқты пікірлерін қалдыруда.