Нұрболат Абдуллин: "Жақсы жерлерде жүру ұстанымыма айналды"

0
3 854


Нұрболат Абдуллин:
Танымал Нұрболат Абдуллин өнерде ғана емес, әлеуметтік желіде де өте белсенді. Өзінің түрлі фото-видеоларымен оқырмандарын жалықтырмайтын әнші, бұл жолы өзінің төсектен тұрған кезінен бастап видеоға түсірген.
Сосын "Жақсы жерлерде жүру ұстанымыма айналды.
Кейде біз тыңдаймыз бірақ естімейміз,көреміз бірақ байқамаймыз. Тұмса табиғаттан тәлім алуға болады,ол үшін өзіңде ниет болсын. Жақсыны көрмекке деген Қазақтың Шымбұлағынан сәлем" -, деген жазба қалдырған.

Оның бұл видеосына қызығып, тамаша тілек жазған адамдар аз емес. Десе де әртүрлі тарапқа тартқан пікірлер де бар. Бірі оның жалаңаш денесін айтса, енді бірі ол демалатын аймақтардың қымбаттығы туралы айтып жатыр.