Нұрболхан Шарапов: "БҰТТЫҢ емес ҰЛТТЫҢ мәселесін қозғаса..."

0
5 544

Дауға айналған "Өз ойым" бағдарламасын шындығын ашудағы Нұрболхан Шараповтың мақсаты не?


Нұрболхан Шарапов:

КТА ойыншысы Нұрболхан Шарапов көптің ауызынан түспей жүрген "Өз ойым" бағдарламасы жабылмайтынын айтты. Тек арқау етіп алар тақырыптары өзгерсе, біз үшін сол да жеңіс болар еді, дейді. Ол, бұл жайында YouTube желісінде журналист Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында айтты, деп жазады ERNUR.KZ.

Нұрболхан Шарапов қыздың тағдыры, гейлер, зорланған арулар жайында ашық әңгіме өрбітетін бағдарламаның басында Ләйлә Сұлтанқызының тұрғандығын алға тартты. Оның айтуынша, тележүргізуші басқа отандық арналарда да дәл осыған ұқсас тақырыптарды көптің талқысына салған.

"Ләйлә ханым сол каналдың директорлар құрамында бар. Ол кісі "Қазақстанда" тікелей эфирде, "Хабар" арнасында да тікелей жүргізді. Сол істеп жүргендерін "Жетінші" арнаға жасады. Негізі ол проект Ләйлә ханымдікі. Сіз де қолыңызда болса кез келгенін продюсер етіп қоя аласыз ғой. Сені продюсер етіп қоямын, барлығына сен жауапты боласың, мен тек жүргізіп отырамын. Маған барлығын дайындап беріңдер. Шындығына келгенде кез-келген тақырып шығар алдында басшылықпен ақылдасылады ғой",- деді КТА ойыншысы.


Халықтық менталитетке сай келмейтін ток-шоулар тізімін толықтырып тұрған "Өз ойым" бағдарламасы да "Кел келінім", " Қалаулым" секілді елді шулатқанымен, заң жүзінде жабылмайды. Бұл Нұрболхан Шараповтың пайымы. Бағдарлама барысында кім де кім зардап шегіп және де сол бағдарламаны сотқа беріп жатса ғана бір шешімі болуы мүмкін екендігін айтты.

Ол бағдарлама түбегейлі жабылып, эфирден алыстап кетпесе де, айтар ойы мен қозғар тақырыбы мағыналы, саналы болса дейді.

"Осыдан кейін тақырыптары жұмсаруы мүмкін. Халықтың, ұлттың мәселесін айтар болса мен қуанар едім. Бұттың емес, ұлттың мәселесін қозғаса деймін. Көп қой қоғамда көтеретін мәселелер", - деп ойын түйіндеді Нұрболхан.