"Нұрлан Қоянбаевқа рахмет!": Бағлан Әбдірайымов киносының көрерменге қашан көрсетілетінін айтты

0
1 701

Әнші Бағлан Әбдірайымов "Ақ пен Қара" кітап желісі арқылы түсірген киносы туралы баяндады.


Оның айтуынша, "ZERO" атауымен жарыққа шығатын туында 26 қаңтардан бастап барлық кинотеатрда көрсетіледі. Әнші бұл туралы әлеуметтік желіше жүктеген видеосында айтып берді.


"Договор жасалды. 26 қаңтар кино шығады. Енді саундтрек, трейлер, звук, т.б. жұмыстарды тездету керек. Уақыт аз" деп жазды ол.



Сондай-ақ, Бағлан Әбдірайымова киноның шығуына үлес қосқан Нұрлан Қоянбаевқа алғыс айтты.




"Осындай әдемі уақытта киноның шығуына үлес қосқан Нұрлан Қоянбаев мырзаға зор алғыс" деді әнші.


Айта кетейік, кино әншінің өміріне қатысты жазылған кітап негізінде түсірілген.