"Онлайн сабағымның табысын енеме беремін": Төреғалидың әйелі өзін сынағандарға жауап берді

0
2 708

“Ақылыңыз ақылы ма” дейді оқырмандары


Әнші Төреғалидың жары Толқынның келіндерге арналған онлайн сабақ бастап жатқанын кеше айтқан едік.

Оның бұл жаңалығын сынағандар баршылық, "Бар болғаны 2990 ақ теңге ғой" деген Толқын оның өзін енесіне беретінін айтып ақталды.

Толқын Тұрарбекқызы: Қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткен баршаңызға сәлем бердім!

Бұл берекелі ай адамдарды тамақтан ғана емес, жанын жамандықтан тазартатын үлкен мүмкіндік деп білем...
Инстаграмға кеше келгенім рас, бірақ ол адамның тәжірибесінің көрсеткіші дегенді естуім жоқ екен!
Біреуде қарт та болса шалалық бар, біреуде жас та болса даналық бар.
Бір айдан бері жекеме мың шақты хат келіпті.
Қандай себеппен екенін білмедім, көбісі жаңа түскен келіндердің жеке сұрақтары.
Қолдан келгенше жауап бердім, бірақ бәріне жауап беру мүмкін емес екен.


Сондықтан арнайы болашақ келіндер мен жаңа түскен келіндердің сұрақтарына жауап ретінде, керемет ақыл айтпасақ та, кеңесіміз кәдеге жарап қалар деген ниетпен бастаған сабағымыз еді.
Тақырыбы “ Салиқалы келін”
“ Салих” сөзінен алынған, игілікке бастау деген мағына береді.
Ал енді ізгілікке жол бастап, жас келіндерді жақсылыққа шақырғанның несі жаман?!
Ата енесін ардақтап, әулетінің ұйтқысы болатын келісті келіндер қатары көбейіп жатса кімге кедергі?
Айтпақшы, бір аяулы жандар, “ақылыңыз ақылы ма” депті.
Тегін білім тегінде текке кетпей ме?!
Бар болғаны 2990 ақ теңге ғой.
Оның өзін енеме беремін" дейді ол күліп.