"Өте әдемі!": Желі қолданушылары Динара Сәтжанның мінсіз дене сымбатына тәнті болды

0
745

Тележүргізуші Динара Сәтжан мұзды суға түскені үшін желі оқырмандарының қызу талқысына түсті.


Әлеуметтік желідегі парақшасында Динара Сәтжан "Крещениеде" суға түскенін жариялады. Бұл видео саясаткер Қарақат Әбденнен сұхбат алу кезінде түсірілген. Тележүргізуші мұзды суға алғаш түскенін айтты.


"Жоспарлаған сұхбатымыз осы күнге түсіп тұр екен. Бұл менің алғашқы мұзды суға түсуім болғанымен қатты ұнады. Контент үшін не істемейсің?!" деп жазды ол.



Алайда желі қолданушылары тележүргізушінің бұл әрекетімен келіспейтінін айтқанымен, дене сымбатына таңдай қақты. "Біз суға табынбағанбыз", "Сонда сіз мұсылман емессіз бе?", "Дене мүсініңіз керемет", "Өз жасыңыздан да жасарып тұрсыз", "Не деген мүсін", "Қандай әдемі" деп жазды оқырмандар.