"Өзгелердің бақытын тартып алма": Қайрат Нұртас тағы да оқырмандарын уайымға салды

0
1 709


"Бақытынды іздеген кезде, өзгелердікін тартып алма", - деп жазған хитмен елді алаңдатып қойды.

Қайрат Нұртас өзінің әлеуметтік парақшасына суретін жариялап, жоғарыдағыдай мәтін жазған. Оның бұл сөзін жеке өмірімен байланыстырған тыңдармандары түрліше топшылап, жорамалдар жасаған.


"Қайрат ақылды бала, ол жастайынан үйленді, балалары өсті, ол отбасын тастайтын бала емес! Арасында көрсетпеу керек, көз тиеді", "Шынымен ажырасып жатыр ма? Мен ондайға сенбеймін ,бала-шағаны ойлаңдар! Олар сендердің ойыншықтарыңа айналмасын айналайын ақылға салыңдар жүрегім ауырып кетті" дегенге саятын ойларын жазған тыңдармандар әншінің отбасына бақыт тілеп, бірге болғандарын қалайтындарын жазған.

Естеріңізге салайық, осыған дейін Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз ажырасты деген сынды сөздер жиі айтылған еді. Бірақ өнер иелері ол туралы жақ ашқан емес, десе де тыңдармандар олардың бөлек жүргендерін, жазбаларындағы астарлы сөздерін оқып түрлі жорамалдар жасап жүр.