"Пәктігімнің дәлелі": Қазақ қызы тікелей эфирде шашын тақырлап алып тастады (видео)

0
8 824

Шашын тақырлатқан бойжеткен бұл әрекетінен соң өзін іздейтін жігіттердің көп болатынына сенімді.


ERNUR.KZ. Ұлдана есімді қыз тікелей эфир барысында шашын тақырлатып алып тастады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл ыңғайсыз жайт "Qalayym.live" бағдарламасында орын алған. Бағдарламаға қатысушылар қыздың мұндай шешімін әртүрлі қабылдады.

Бірі: "Хайп не істетпейді", "Ақымақ екенсің" десе, тағы бірі: "Сөзінде тұрдың, нағыз ер екенсің" деп жатты.
Ал шашымен тұтастай "қоштасқан" Ұлдана бұл әрекетінен соң өзін бағдарламаға іздеп келетін жігіт көп болады деп сенеді. Себебі осы әрекетке итермелеген желідегі жазбасында қыз: "Пәк екенімді дәлелдеу үшін тікелей эфирде шашымды тақырлаймын" деп көпке уәде бергенге ұқсайды. Осы уәде аузынан шыққалы желідегі және бағдарламадағы құрбы-құрдастары да оны "өтірікші" деп көп айыптап, ол психологиялық қысымға ұшыраған көрінеді.

Айта кетсек, Qalayym.live - жастардың танысып, бір-бірін жақын білісіп, орайы келсе, басын қосуға арналған көңіл көтеретін бағдарлама.