"Пішнайым": Ерке Есмаханның ұлы республикалық жарыста жеңіске жетті

0
2 596

Мүсілімді қолдауға әкесі Асхат Садырбай барған.


Танымал әнші Ерке Есмаханның ұлы республикалық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді. Өнер иесі ұлының спорттағы алғашқы жеңісімен құттықтап, жүрек жарды тілегін арнап, жазба қалдырған. Әншінің ұлы Мүсілім Павлодар қаласында өткен республикалық жарысқа қатысып, таэквандошылар арасындаға тартысты бәсекеде 1 орын иегері атанған.

«Мен үшін бүгін ерекше қуаныш. Кіп-кішкентай Пішнайым үп-үлкен спортшы боп өсіп келе жатыр. Бүгін Мүсілім Павлодар қаласында өткен таэквандодан республикалық жарыста 1 орын алды. Өмірінде алғаш рет тек өзі жаттықтырушысымен және бір топ спортшылармен басқа қалаға шықты. Әжесі үйде әрең отыр. Павлодар жаққа ұшқысы кеп. Мен жұмыс деп жүгіріп жүрмін. Мүсілімді қолдап, қасына әкесі барды. Менің мақтанышым, кішкентай таэквандистім, Алла жар болсын! Мүсілімнің жаттықтырушы ағайына үлкен алғыс білдіремін» – деді әнші жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, өнер иесі 2011 жылы белгілі журналист Асхат Садырбайға тұрмысқа шығып, көп ұзамай ажырасып кеткен болатын. Бүгінгі таңда ортақ некелерінен туған Мүсілімді нағашы ата-әжесі тәрбиелеп отыр.

2015 жылы екінші мәрте отбасын құрып үлгерген Асхат Садырбай, бұл жолы өзге қалада өткен тартысты додада Мүсілімнің жанынан табылып, жанкүйерлік танытқан. Артынша танымал жүргізуші желіде тұңғышымен түскен суретін жариялап, құттықтау жазбасын қалдырған.


«Бірінші үлкен сайыс, бірінші рет жеке өзінің өзге қалаға шығуы, бірінші орын! Жүлдең құтты болсын, балам! Жауырыны жерге тимейтін жеңімпаз бола бер! Аллаға шүкір, бүгін Павлодарда өткен сайыста Мүсілім 1 орынды жеңіп алды» – деп жазған Асхат Садырбай.

Желі қолданушылары да өз құттықтауларын жазып қалдырған.

ERNUR.KZ