"ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР..." - Нұрлан Қоянбаев ресми мәлімдеме жасады

0
5 056

Танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев ресми хабарландыру жасады


Танымал әзілкеш, продюсер Нұрлан Қоянбаев өз оқырмандарына ресми хабарландыру жариялады.


Ол "Бизнес по-Казахский" киносының әлі де жалғасатынын мәлімдеді. Бұл туралы Нұрлан Қоянбаев өзінің инстагамдағы парақшасына видео жазба қалдырды.

Күні кеше Украинадағы Президенттік сайлаудан шоумен Владимир Зеленский елдің көпшілік дауысын иеленіп Мемлекет басшысы атанған болатын. Оны естіген еліміздің әзілкештері Қазақстандағы сайлауға бір ауыздан Нұрлан Қоянбаевты ұсынайық деген әңгіме тараған болатын.

Шу шыққаны сол екен, артынан Нұрлан Қоянбаевтың видеоүндеуін көрген жұрт продюсердің сайлаудан шынымен де үміті бар деген ойда қалды. Әзіл аралас түсірілген бейнежазбаға көпшілік сеніп қалғандығын, сондай-ақ сайлауға түссе дауыс беруге дайын екендіктерін жеткізді.


ERNUR.KZ