«Пысық қатын қайдан шығады?»: Ләйлә Сұлтанқызы қалай «пысық қатын» болғанын айтты

0
1 290

«Мойындаймын, олақтау болдым»


«Пысық қатын қайдан шығады?»: Ләйлә Сұлтанқызы қалай «пысық қатын» болғанын айтты

Белгілі тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы әке-шешесінің ерке қызынан қалай әмбабап «пысық қатынға» айналғаны туралы жазба жариялады. Кейіннен тұрмыс құрғанда ағайынды төрт жігіттің кенжесіне жолықтырып, тамақ тұрмақ барлық тірлікті істеп, үйдегі үлкен абысындары мен қайын апаларынан ұялғанынан зырылдап кеткенін есіне түсіріп, оқырмандарының езуіне жылы күлкі үйірді.


«Кішкентай кезімізден, әкеміз біздің оқуымызға,білімімізге көп көңіл бөлген. Анам, үй тірлігіне араластырып қойғанда, үйден өзіміз тұрмақ, ізімізді де қалдырмай тайып тұратынбыз. Сөйтіп, қызыққа тойғанша резинка, шекемтас, мак ойнайтынбыз. Сонда да анам қайтсын ба? Көңіл көтеріп жүрген жерімнен ұстап алып, ұрысып, үйге қуып әкеліп, ет асудан, қамыр жаюдан, қазіргінің тілімен “мастер класс” өткізетін. Мойындаймын, олақтау болдым.
Кейін оқуға түсіп, үй тірлігінен құтылдық па десем, бұл әлі бергі жағы ғана екен ғой Қызық алда…
Ағайынды төрт жігіттің, кенжесіне жолықтырғанын қарасаңызшы. Басқа түскенде тамақ тұрмақ, қалай әмпебап “пысық қатын” болып кеткенімді өзім де байқамай қалдым.

Үйдегі менен үлкен абысындарым мен қайын апаларымнан ұялғанымнан зырылдайтынмын.