Рахман Омар бұрынғы әйелін өлтірген күдіктіден 100 миллион өтемақы талап етті

0
3 736

Ал күдікті көк тиын да төлемейтінін айтқан.


Рахман Омар бұрынғы әйелін өлтірген күдіктіден 100 миллион өтемақы талап етті

Актер Рахман Омаровтың бұрынғы әйелін өлдірген күтіктіден марқұмның туыстары 100 миллион өтемақы талап етіп отыр. Бұл туралы ktk.kz арнасы хабарлады.

Бірнеше ай бұрын Рахман Омаровтың бұрынғы әйелін пәтерін жалдаушылар аяусыздықпен өлтіргенін жазған едік. Оған қатысты өткен сот отырысында марқұмның туыстары күдіктіден өтемақы ретінде 100 миллион талап етті.

Бұл туралы актердің өзі: "Моральдық шығынымызды өтеуді талап еттік 100 миллион теңге көлемінде. Ол біздің құқығымыз. Бірақ адамның өмірі әрине онымен теңелмейді. Дегенмен де салмақтың қандай екенін көрсін"-, деді.

Бірақ пәтер қожайынына 8 мәрте пышақ салды деп күдікке ілінген Сүлейменова көк тиында төлемейтінін ашық айтқан. Арна тілшісінің айтуынша, күдікті сотта өзін тым еркін ұстап, тіпті судьяның да сұрақтарына жауап бермеген.

Бірақ судья істі созбай, санаулы күнде шешім шығаратынын айтты.

ERNUR.KZ