Рахман Омардың әйелін өлтіргендер ұлына да пышақ сұқпақ болған

0
13 442

Екі күн бұрын Рахман Омардың бірінші әйелі пәтер жалдаушыларының қолынан қаза тапқаны желі арқылы тез таралып кеткен еді. Арна тілшілеріне пікір білдірген актер: "Танитын адамдардың қолынан кетеді деп кім ойлайды? 2,5 жыл көріп жүрген қыздар. Қазақтың кәдімгі қарапайым қыздары панасыз жүрген. Қыздардың қатігез боп кеткендігі, сол болмашы тиын-тебенге адамның өмірін қиятыны. Бұл жерде тек ақша ғана емес, басқа да бір нәрсе бар сияқты"-деп күрсінді.


Рахман Омардың әйелін өлтіргендер ұлына да пышақ сұқпақ болған

Танымал актер-тележүргізуші Рахман Омар өзінің бұрынғы әйелін танитын адамдардың қолынан қаза тапқанынын КТК арнасына айтты.

Екі күн бұрын Рахман Омардың бірінші әйелі пәтер жалдаушыларының қолынан қаза тапқаны желі арқылы тез таралып кеткен еді. Арна тілшілеріне пікір білдірген актер: "Танитын адамдардың қолынан кетеді деп кім ойлайды? 2,5 жыл көріп жүрген қыздар. Қазақтың кәдімгі қарапайым қыздары панасыз жүрген. Қыздардың қатігез боп кеткендігі, сол болмашы тиын-тебенге адамның өмірін қиятыны. Бұл жерде тек ақша ғана емес, басқа да бір нәрсе бар сияқты"-деп күрсінді.

Адам жанын қиған қыздар оның ұлында өлтірмек болып тап берген. Мұны анасын іздеп барған Рахман Омардың үлкен ұлы Досханның өзі айтты. Ол барғанда үйдегілер пышақ ала жүгіріп, денесі үлкені оның үстіне жатып алған. Жігіт бар күшін жинап, оларды итеріп үйден қашып шығады.

Қазір күдіктілердің бірі қаладан шықпау туралы қолхатпен босап шықса, екіншісі ауруханада жатыр.

Фото скриншот

ERNUR.KZ