Ресейдің танымал актрисасы Шымкенттен кетпейтінін айтты (видео)

0
3 400

Көпшілікке "Кухня" сериалы арқылы таныс Ольга Кузьмина Шымкентке келді.


Ресейдің танымал актрисасы Шымкенттен кетпейтінін айтты (видео)

Қалың жұртшылық Настя деп танитын Ольга Кузьмина Шымкентке келгенін өзінің жеке парақшасында жариялады.

Сонымен қатар "Әуежай" сөзіне таңырқаған актриса, оқырмандарына әзіл видео жолдады. Жазбада ол: "Қазақстанға енді келдім, ал мұнда "уезжай" (әуежай) деп жазылып тұр. Кетпеймін, енді ғана келдім"-, деген.


Мұны көрген желі қолданушылары күлкіге қарық болып, шынайы әзіліне риза болысты.

Актриса желідегі парақшасына бұл видеомен қоса, Шымкент халқының қонақжайлылығы туралы да жазбалар қалдырған.



Фото: @kuzmummy

ERNUR.KZ