Роза Рымбаева Украинада "ЖЫЛ АДАМЫ" атанды

0
2 744

Қазақтың халық әртісі Роза Рымбаева Украинада құрметті марапатқа ие болды.


Роза Рымбаева Украинада

Суреттер: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Жезтаңдай әнші Роза Қуанышқызы Рымбаеваға Украинаның төрінде мәдениет және өнер саласындағы халықаралық марапат табыс етілді - деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты шарада әншінің "Жыл адамы" атағына ие болғаны туралы алғаш болып Роза Қуанышқызы инстаграмдағы өз парақшасында жариялады.

Роза Рымбаеваның бұл марапаты шетелде қол жеткізген алғашқы жетістігі емес. Естеріңізде болса, бұған дейін Ресей мен Беларусь елдерінде зор құрметіке ие болған болатын. Қазақтың ғана емес бүкіл ТМД елдерінің сахнасына сән беріп, өнеріне тамшыдай болса да үлесін қоса білген әншінің бұл жетістігін еткен еңбек пен төккен тердің ақталғаны деп біледі

Айта кетейік, аталмыш құрметті марапат осыған дейін Өзбекстанның халық әртісі Фаррух Закиров, Италяндық Александро Сафина мен Франсуздық Патрисия Каасқа табысталған. Киевте жылда дәстүлі түрде өтетін бұл марапат биыл 23-ші рет ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.

Роза Қуанышқызын аталмыш марапатымен өнердегі әріптестері мен ұлдары құттықтады.