Рүстем Жүгінісов: "Қызымыз ешкімді ренжітпей бүгін дүниеге келді"

0
6 221

Атақты ағайынды Жүгінісоватердің үлкені әке атанды. Ол туралы әнші өзінің жеке инстаграм парақшасында сүйінші сұрап жариялады.


Рүстем Жүгінісов:

Атақты ағайынды Жүгінісоватердің үлкені әке атанды. Ол туралы әнші өзінің жеке инстаграм парақшасында сүйінші сұрап жариялады.

Енді актриса Айнұр Жүгінісова Айдай есімді кішкентайдың әжесі. Бір қызығы бүгін дүниеге келген Айдайдың әжесінің туған күні 28 наурыз болса, нағашы әжесінінің туған күні 29 наурыз екен. Оны Рүстем парақшасында, "Рүстемқызы Айдай! Әжесінің туған күні 28 наурыз, нағашы әжесінікі 29 наурыз, ал Айдакөніміз ешкімді ренжітпей 30.03.18 дүниеге келді" деп жазған болатын.

Барлық жанкүйерлердің тілегіне қосыла отырып Жүгінісовтердің отбасына құтты болсын айтамыз. Кішкентайдың бауы берік болсын!

Фото: zhugunussov

ERNUR.KZ