"Саған ат мінгіземін": Құралай ханым дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаевадан кешірім сұрады

0
1 320

Үш жыл бойы Құралай ханым мен дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева арасындағы дау жалғасып келеді.


Психолог Құралай ханым Қағбаға барған сапарында дәстүрлі әншіден әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрап жазды. Ол өзінің жазбасында қателік кеткенін мойындаған.


"Басында Айгүлді “өтірікші” дедім, Ортасында “мені көре алмай жатыр” дедім. Кейін игнор жасап байқамауға тырыстым.
Міне бүгін Алланың алдында да, адамның алдында да сенікі дұрыс деп жылап кешірім сұраймын, Айекем!" деп жазды психолог.



Бұл жазбасы арқылы Құралай ханым әншіге ат мінгізетінін айтып, "Ұлы Ұстаз" деп атаған. Әрі алғысын білдіріп, жақсылығын мәңгі ұмытпайтынын жазған.


Желі қолданушылары психологтың бұл әрекетіне қолдау білдіруде. "Жаратқан жар болсын!", "Қасиетті мекенде қулыққа бармассыз, күнәларыңызды Алла кешірсін", "Таспен атқанды аспен ат" деп жарыса жазды.