Сәкен Майғазиев: "Жеті рет өлшеп, бір рет кесуге ақылым жетеді!"

0
3 264

Сәкен Майғазиевті оқырмандары желіге жарнама жариялағаны үшін сынға алған.


Сәкен Майғазиев:

Халықтың сүйіктісі Сәкен Майғазиевті жанкүйерлері инстаграм парақшасындағы жарнамасы үшін сынға алып, тіпті боқауыз сөздер айтқан көрінеді. Бұл туралы әнші парақшасында жариялады.

Сәкен Майғазиев: "Ардақтыларым, ассалаумағалайкум! Кешегі жарнамамнан кейінгі пікірлерді оқып, жағамды ұстадым. "Жарнама жасаған жараспайды", "Ақшадан өлдің ба?", "Ұялмайсын ба?" (Бақауыз сөздерді өшіріп тастадым) т.с.с.

Неге ұялуым керек? Бизнес бастағаным үшін бе? ОТАНдық тауарды жарнамалап, халал өнімді қолдағаным үшін бе? Мен "Alhadaya" халал компаниясының негізін қалаушыларының бірімін, ресми өкілімін. "Abyroi" компаниясының (бет бейнесі) амбассадорымын. Маған айына жүздеген ұсыныстар түседі. Күмән келтіретін компаниялармен келісе бермеймін. (Миллиондардың обалына қалғым келмейді). Жарнама жағына келгенде жеті рет өлшеп, бір рет кесуге ақылым да, ақылшыларым да жетеді. АЛЛА тыйым салған (арақ, темекі) дүниелерді насихаттап жатқандай мені жерден алып, жерге салып жатқан жандарға жүрегімізді кірлетпейік дегім келеді. Әлем әншілерінің басым көпшілігі жарнама жасайды. Қазір екінің бірі теледидар көрмейді. Жер шарының төрт бұрышы телефонда тұрғанда неге игі іспен бөлісіп, ОТАНдық өнімді қолдамасқа?! Құшақтадым".

Әншінің тілектестері бұл жазбаны оқығаннан кейін оған қолдау білдіріп, әппақ ақ тілектерін жазып жатыр. Олардың әншіге деген құрметі соншалықты тілектердің бірі, бірінен асып түседі.

Бір оқырман: "Сәкен аға, сізге Алла разы болсын. Жақсы келін бұйыртып, екі дүние қызығын көріңіз. Ал сізге жаман пікір жазған адамдардың сөздеріне көңіл бөлмеңіз. Өйткені күнәларыңыз төгіледі.( Пенде болған соң күнә істемейтін болмайды). Ал сізге жаман пікір жазған адамдар өздері сондай болған соң сондай сөздер жазады. "Ірігеннің аузынан шіріген сөз шығады" дейді. Біле білген адамға қара зеренің пайдасы мол. Өйткені Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігімен сәлемі болсын )өзі "Қара зере -өлімнен басқасының бәріне ем"- деген. Ал сіздің жақсы сараптан өткен нәрсені ғана жарнамалайтыныңыз көрініп тұр. Жарнамалап тұрған затыңыздан ақ белгілі. Басқалар сияқты(көпке топырақ шашпаймын) өтірік пайдасы жоқ дүниелерді жариялап жатқан жоқсыз. Аллам тек екі дүние қызығын көрсетсін.Алла бұйыртып тек салиқалы, инабатты немерелер бұйыртсын. Тек жақсылық тілеймін шын ниетпен" десе, екінші бірі: "Сәлеметсіз бе, аға! Мен сізді өте қатты жақсы көремін! Өнеріңізді құрметтеймін! Сіз секілді азаматтар Қазақстанда көп болса екен деп Алладан тілеймін. Имандылығыңызға, білімділігіңізге сөз жоқ бас иемін! Барлық сұқбаттарыңызды тыңдаған сайын тәнті боламын. Менің балаларым сізге ұқсаса ғой тілеймін. Сіз секілді адамға тіл тигізу мен үшін күнә сияқты. Отбасыңызға береке тілеймін!" дейді.


Фото: saken_maigaziyev

ERNUR.KZ