«Сахнаға ішіп шықтым, бірақ, көк туды таптамадым»: Рэпер Shiza әлі күнге өз кінәсін мойындамайтынын айтты

0
1 192

«Ұятсыз, қалай ақталып отыр?!»


«Сахнаға ішіп шықтым, бірақ, көк туды таптамадым»: Рэпер Shiza әлі күнге өз кінәсін мойындамайтынын айтты

25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында өткен концертте сахнада бейәдеп қылық көрсетіп, анайы сөздер айтып, көк туды қорлады деп айыпталған рэпер Shiza әлі де өз кінәсін мойындамайтынын білдірді. Ол бір сұхбатында «Сахнаға ішіп шығып, бір рет боқтағаным болмаса, туды таптаған жоқпын!» деп ұялмай айтқан.


- Өзімнің трегімді қумай жақсы бітірдім. Кейін жаңағы оқиға болды. Үшінші рет айтамын: «Көтім ашып кетті». Гримеркаға кірдім. Қайтадан шығам деп ойламадым. Кішкене бастым. Шықтым. Туды ұстадым. Оны қолыма орап алған себебім, үстімнен бір рет түсіп кетті. Бір қолымда микрофон болды. Бір қолыммен туды ұстап алдым. Секіріп билеп ән айтып жүрген кезде бір рет денемнен түсіп кетті. Жерге түскен туды қолыма орап алдым. Тудың материалы тайғанақ болған соң қолыма ұстауға тура келді. Негізі ниетімде туды лақтыру, таптап, жағу болған жоқ. Жерге қойып басқан жоқпын. Сондықтан бірінші видеоны көріп, дұрыстап зерттеп алған дұрыс сияқты. Негізінде үшеуі үш концерт болған. Сахнаға мас болып шыққаным және бір рет боқтап жібергенім болмаса, туды таптаған жоқпын, жігіттер, қыздар! - дейді ол.


Ал желідегілер «Неге шақырасыңдар, сахнадан шеттетілген жоқ па?! Басқа адам табылмады ма шақыратын. Өкініп отырған жоқ қо бұл жағдайға», «Тәрбиесіз, «Көтім ашып кетті» деп әлі де халықтың алдында қалай сөйлеуді білмейсің», «Сендей әншіні мүлдем сахнадан алып тастау керек», «Ұятсыз, қалай ақталып отыр» деп сынның астына алды.