Салт-дәстүрді қорлау: Ер жігітке ұзату жасағандар көпшіліктің ашуына тиді (видео)

0
7 053

Ер жігітке қыз секілді ұзату жасағандар сынның астында қалды.


Салт-дәстүрді қорлау: Ер жігітке ұзату жасағандар көпшіліктің ашуына тиді (видео)

фото: видеодан алынған

Әлеуметтік желіде ер жігітке ұзату жасалып жатқаны туралы видео жарияланды. Кадрда мейрамханада орамал таққан екі келіншек жігіттің қолтығынан сүйеп, әнші қыз ұзату әнін айтып жатқаны көрінеді. Қонақтардың көпшілігі жастар және жігіттер секілді.


"Өздерін мазақ қылған ақымақ еріккендер басқа істерлері жоқта", "Салт дәстүрді қорлау мұндайларды жауапқа тарту керек", "Ер азаматқа жараспайды, ар, намыс ұят қайда?" - деп жазады ашынған желі қолданушылары.

Кейбір оқырмандар мұны жастардың қалжыңы екенін айтып, сынға алғандарды сабырға шақырған.

"Қалжындап түсірген шығар Бірақ желіге салмау керек еді", "Ойын шығар әрине. Ойланып ойнаңыздаршы,арқа сүйер азаматтар" - деп пікір қалдырған.

ERNUR.KZ