Самал Еслямова: "Мендей актриса жоқ"

0
1 841


Самал Еслямова:

Актриса Самал Еслямова Голливудқа көшіп жұмыс істеуді ойламайтынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылы Канн кинофестивалінің "Үздік актрисасы" атанған Самал Еслямова, бұл жайлы ютуб әлеуметтік желісіндегі "Prokino" каналына берген сұхбаты барысында айтты.

"Кино түсіргің келсе, сен оны қай жер де болсын түсіре аласың деп ойлаймын. Мысалы мен Қазақстаннан ешқашан соншалықты алысқа кеткім келмеген. Құрлықпен бару мүмкін жерлерге баруға болады. Бірақ Қазақстаннан көп алысқа кеткім келмейді, кете алмаймын. Себебі, өте қатты жақсы көремін. Мұнда да, режиссерлар жоқ емес бар. Олардың әрқайсының өзіндік орны бар. Мысалы бізде айтатын, "театре было все кроме вас" деп. Әр адам өзі бөлек, өзі "оригинальный". Мысалы сіздей режиссер жоқ, мендей актриса жоқ. Басқа актриса ол уже өзі бөлек. Ондай актриса жоқ. Әркім өзі бөлек. Сол қызық. Себебі, сіз өзіңіз кино түсіргіңіз келсе, өзіңіздің қолтаңбаңыз, өзіңіздің жандүниеңіз басқа. Сіз осылай түсіргіңіз келеді. Ол қызық әрине! Ол үшін Голливудқа барудың керегі жоқ",- дейді актриса.