«Сенің балаң, менің балам...»: Нұртас Айдарбеков көлігін жанармайсыз қалдыратын балдарына ренжіді

0
2 963

"Сіздерде де сондай ма?"


«Сенің балаң, менің балам...»: Нұртас Айдарбеков көлігін жанармайсыз қалдыратын балдарына ренжіді

Шоумен, әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбековтің инстаграмда жеке өміріндегі бастан өткен оқиғалары мен әңгімелерін шынайы баяндап отыратыны бар.

Ол жақында салған видеосында: «Қай көлікке мінсем де бензинім нөл боп тұрады. Жаңа ғана анаған мінгенде толтырып құйдым. Енді мынада да нөл. Сенің балдарыңа риза болам бар ғой», - деп жұбайы, Айдарбековтер отбасының отанасы Гүлзира Айдарбековаға қарата сөйлейді. Видеосының астына: «Гүлекең жәймен түсіруді қатырады. Шынымен сондай дә, әә, 65-тер? Сіздердің де балдарыңыз сондай ма?» деп жазды.

Осы орайда жұлдызды отбасының оқырмандары арасында «Биылғы сөздің алды болды», «Бәріміз бірдей екенбіз ғой!», «Жақсы болса әкесінің баласы, жаман болса шешесінің жаманы» деген пікірлер жазылуда.