"Сенің жұбата алмай шаршағаныңды ешкім білмейді": Роза Әлқожаның күйеуіне арнаған жазбасы жұртты елжіретті

0
5 441

“Айта берсін!" - дейді ол.


Танымал әнші Роза Әлқожаның соңғы кездері басы даудан арылмай жүр. Бұлай деуімізге, оның өткен жылы ойнатқан ұтыс ойынының жыры әлі де бітпеуі себеп. Ақпарат көздерінде тарап жатқан түрлі жаңалықтар мен халықтың реніші де желіден жиі көзге түсіп жүр. Оқырмандардың ауыр сөздері де көзге шалынып қалады.

Осы бір кезеңдерде өзінің жан сырын оқырмандарына ақтарған әнші, жарымен бірге сурет жүктеп, төмендегідей жазба қалдырды.



Роза Әлқожа: "“Айта берсін!!!”, “Қой, күрсінбе!..”
Менің қанша күйзелгенімді, сенің жұбата алмай шаршағаныңды ешкім де білмейді.
Осы шаршаулар балаларға да дұрыс қарамай, оқшаулануға әкелгенін де ешкім білмейді.
Өзіміз үшін де аман болайықшы!!!".

Бұл жазбаны жариялаған әнші пікір қалдыруды бұғаттап тастаған. Дегенмен оның тыңдармандары шынайы тілектерін оның өзге де жазбаларына жазып, қолдауларын білдіруде,