"Шаншардың" директоры Уәлибек Әбдірайымов "жігіт сияқты қыздарды" көкпарға шақырды

0
4 050

Қазақ салтында көкпарға әйел заты бармайтын. Бұл көкпарға қандай әнші қыздар келді? Неліктен?


Елімізге белгілі "Шаншар" әзіл-ысқақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов өз туған жері, Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында көкпар берді. Анасының рухына бағыштап берілген бәйгеде киіз үйлер тігіліп, ауыл халқына тегін концерт берді, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.

Шыңғысханның 6 ай бойы ала алмаған Отырарында 6 сағат дүрілдеп өткен дүбірлі көкпарда қазақ эстрадасының бір топ жұлдыздары да бой көрсетті. Әзіл майталманы бұл дүбірлі тойына нәзік жанды өнер жұлдыздарының да шақырту алғаны белгілі болды. Көкпар тойына алғаш келіп отырған Роза Әлқожа Уәкеңнің "Жігіт сияқты әнші қыздарды шақырдым" деген сөзін алға тартып төбе көрсеткенін айтты. Бұл ер мінезді әншілердің қатарында Ақбота Керімбекова, Хадиша Шалабаева секілді өнер жұлдыздары бар.

"Шәуілдірдеміз. Уәлибек ағамыздың көкпарында. Көкпарға бірінші рет келіп тұрмын. Біз жақта әйелдерді көкпарға алып бармайды. "Жігіт сияқты қыздарды шақырдым" деді ғой. Келіп концерт қойыңдар ауыл халқына деген соң келдік", - деді әнші Роза Әлқожа.

Қазақылығын жоғалтпаған Шәуілдір жұртшылығына жасап отырған бұл игі бастаманы, әзіл майталманының әріптестері қолдап отыр. Мұндай шаралардың жиі өтіп тұруына сеп болуы керек деп біледі.

суреттер әлеуметтік желіден алынды