"ШАПАЛАҚПЕН САЛЫП ҚАЛДЫ": Бекжан Тұрыс әріптесінен неге шапалақ жегенін айтып берді

0
2 641

Театр әртісі Бекжан Тұрыс әріптестер арасындағы қалжыңның соңы неге ұласатынын айтты


Сурет:ғаламтордағы ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Бекжан Тұрыс өзінің әріптестерімен арада болған қызықты оқиғасымен бөлісті. Әріптесі әрі құрдасы Данагүл Темірсұлтанова актерді жанкүйер қыздарының көзінше шапалақпен тартып жіберген. Онысымен қоймай, қолтаңба сұраған, өрімдей қыздарға түрлі сөздер айтып, артынан қуа жеөнелген екен. Театр тарланы бұл жайында инстаграмдағы парақшасында бөлісті.

Сол кездегі оқиғадан соң әріптесіне қатты ренжіген Бекжан Тұрыс, бүгінде бұл оқиға естелікке айналғанын жеткізді. Театр тарланы құрдасың қалай әзілдесе де ренжуге болмайынын айтады. Ал, көңілге алар болсаң мазаққа қалатынын айтып, өзінің сол кездегі оқиғасын еске алды.



Қызықты шақты баяндай отырып, қыздардан қызғанған әріптесін туылған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, өнера адамдарының сиқырлы сезімнің жетегінде кетіп, отбасымен қиын жағдайға түсіп жатқандарға дәл осылай тежеу салар мықты жандар керек екенін де жасырып қалмады.

Ал, өз кезегінде көзі қарақты оқырманнан да жылы тілектер мен ыстық лебіздер айтылып жатыр.

«Козимнин алдына елестеп кетти гой. Катырыпты курдасыныз!!!!!!Ана еки кызга обал бопты», «Өте қызық...Әбден күлдім... Рахмет... Құрдасыңыздың туған күні құтты болсын», «Керемет, сауатты жазылған естелік!