Шашын алып тастаған келін көшеде билеп сынға қалды

0
5 665

Тойында шашының қысқалығымен елді шулатқан келінді, жұрт енді биі үшін сынап жатыр.


Шашын алып тастаған келін көшеде билеп сынға қалды

Өзінің ұзату тойында ерекше қимылдар жасап, күліп жұртты таңдандырған келіннің «тосын сыйы» онымен бітпеген сияқты.

Бұл жолы ол қала көшесінің ортасында күйеуінің жаңа әніне билеймін деп оқырмандардың ызасын тудырған. Биін өзінің парақшасына жүктеген келіннің видеосынан аяғының ауыр екенін байқауға болады. Бірақ оған қарамай аяқтарын көтеріп билеген биші, сол әнге би түсіргендерді өзінің парақшасына салатынын да жаза кеткен.

Бұл бейнежазбадағы биді көрген оқырмандар: «Мұнда ылғи шала қазақтар отыр. Сөздің түпкі төркінін түсінбейді. Егерде осындай к.... ашқандарды қолдай берсек, әрі қарай жастарымыз не болады? Ойланайық, қазақтар?!», «Қазақтың қызына жат қылық, күйеуі бар әйелсің ғой...» деген сынды жағымсыз пікірлерді көптеп жазған.

Дегенмен пікірлердің ішінен ара-тұра би мен тректі ұнатқандардың да жазбалары табылады.

Фото: mulanmn

ERNUR.KZ