Шетелдік туризмді қолдаған Қайрат пен Айқын әріптестерінен сөз естіді

0
2 286

Бүгінде отандық шоу-бизнестің ең қалталы әртісі – Қайрат Нұртас та отбасымен Мальдив аралының жағалауында жүр.


Шетелдік туризмді қолдаған Қайрат пен Айқын әріптестерінен сөз естіді

ERNUR.KZ. Қыс мезгілі басталса жаппай шекара асатын отандық шоу-бизнестің қалталы азаматтарын өнердегі әріптестері сынға алды.

Жаңа жыл басталысымен шекара асуға құмар жұлдыздар биыл да былтырғы үрдістен жаңылған жоқ. Дәл қазіргі таңда Айқын жұбайы Жұлдыз бен екі баласын ертіп Мальдив мемлекетінде жүр. Алайда, шет елдің қазынасын толтырған танымалдарға Оразымбетова өкпелі көрінеді. Гүлнұр ханым әртістерді отандық туризмді қолдауға шақырды.



«Біз қыс мезгілінде ешқандай шетелге бармаймыз. Қазақстанда өзіміздің демалыс орындарында уақыт өткіземіз. Биылғы жоспар балаларымызды шаңғы тебуге үйрету», – деді Гүлнұр Оразымбетова.

Бүгінде отандық шоу-бизнестің ең қалталы әртісі – Қайрат Нұртас та отбасымен Мальдив аралының жағалауында жүр. Жыл бойы тынбай тер төккен әнші де бар тапқан қаражатымен шетелдің экономикасының дамуына үлес қосуды әдетке айналдырған.

Ал, бұндай табысты өнер иелерінің қадамына әріптестері қызығушылық танытуда. Мәселен, Серік Гамза-заде шетел асуды құп көргенімен, жас әншінің материалдық жағдайы мәз емес.

«Мен демалысты ата-анамның қасында өткіземін. Алла қаласа үлкен әртіс болып, тапқан қаражатын жетіп, ұсыныстар көп болса, онда әке-шешемді ертіп шетелге барып демаламын», – деді Серік Гамза-заде.



Жыл сайын демалысты бірінші орынға қоятын танымалдар тізімінде Айдана Меденова да бар. Дәл қазір әнші жары Әлішермен Дубай қаласында жүр.

Ал, өткен жылы табысты еңбек еткен «Опмай Опмай» орындаушылары үшін биыл сұраныс көп секілді. «Азия» мен «Бақай» дуэтінің демалу әзірге жоспарында жоқ. Шетелге де бармайды, отандық туризмді де қолдауға құлықты емес.

«Біз бес жылдан асты демалуды ұмыттық. Қайдағы шетел? Өзіміздің елде қыдырып қатырмай жүргенде қандай шетел бізге?» – деді топ мүшелері.

Әдетте шетелге жолы түссе тек түсірілім тобымен баратын Гүлнәз Жоланова, биыл қыс мезгілін толықтай демалысқа арнамақ. Актриса дәл қазір Қазақстанда болғанымен, келесі айда жүгін жиып шекара асуға дайын!

«Мен қаңтар айында осында боламын. Бірақ, ақпанда бір жылы елге барып демалып қайтамын», – деді Гүлнәз Жоланова.

Сондай ақ, дәл қазір Мальдив елінде Мейіржан жұбайы Данамен саяхаттап жүрсе, аталмыш аралда жұлдызды жұптың достары Жәния Джуринская, Сая Оразғалиева да демалуда.

Дереккөз: Shownews.kz.