Шоу-бизнестегі шаш бояп, сырға таққан серілер мен рэп орындаушылар арасында ашық айқас басталды (видео)

0
3 430

Реп орындаушысы жігіттердің атақ қуамыз деп сәнденуін психологиялық ауытқу дейді.


Шоу-бизнестегі шаш бояп, сырға таққан серілер мен рэп орындаушылар арасында ашық айқас басталды (видео)

ERNUR.KZ. Отандық шоу-бизнестегі шаш бояп, сырға таққан серілер мен рэп орындаушылар арасында ашық айқас басталды. Бұл жолы BALLER Q-POP өкілдеріне шүйліккен, деп жазады Shownews.kz.

«Мен шаш бояғанға өте қатты қарсымын. Білмеймін шашын бояған жігіттер ауылдарына қалай барып жүр? Түсінбеймін!» – дейді рэп орындаушысы BALLER.

«Бізге бәрібір кім не деседе. Шашты қырып тастауға да болады. Қайта өседі. Бояп алдық не болды? Ештеңе өзгерген жоқ», – деді EQ тобының жігіттері.

Ал, жігіттердің атақ қуамыз деп сәнденуін BALLER психологиялық ауытқу деп топшылайды.

«Ол негізі үйдегі тәрбиеден басталады. Білмеймін ол балалар психилогиялық ауруға ұшыраған болар. Түсіндіре алмаймын», – деді BALLER.

Бұндай сылқым жігіттердің жыл сайын көбейуі рэпердің қытығына қатты тисе керек. Тіпті Баллер бір концертте бас қосса да, сахна сыртында олармен қатар отыруды қаламайды.

«Әркімнің өз ойы бар. Отырғысы келмесе отырмасын. Өзіне байланысты. Оны отыр деп қинамаймыз. Бізге біреуді тыңдау керек емес. Өзіміз білеміз не істесек те. Не айтасыздар, не жазасыздар бізге бәрібір », – дейді EQ жігіттері.

Сырға тағып сән қуу, одан қалды шаш бояу – шоу-бизнестің талабы делік. Алайда, ер азаматтық болмыс – сахнадан да биік!