«Шығармашылығымның жаңа белесіне қадам бастым» : Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

0
1 715

«Басшыға жағымпазданғаны ма?!»


«Шығармашылығымның жаңа белесіне қадам бастым» : Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі актер Тұрсынбек Қабатов 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының продюсері қызметіне кірісті.


«Құрметті достар, жағымды жаңалығыммен бөлісейін. Өмірімнің өрнегі - шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1 қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының Продюсері қызметіне кірістім», - деп жазды ол өз парақшасында.

Сондай ақ, актер 31 арнаның жаңадан тағайындалған басшысы туралы да айта кеткен.


«Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты. Бұл ауқымды теле-жобаларды іске асыру үшін үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алдым», - деді ол.


Ал әзілкештің оқырмандары жаңа қызметіне сәттілік тілесе, кейбірі «Жаңа жұмысқа бармай жатып басшысын мақтағаны – жағымпазданғаны ма?» деген сияқты пікірлерін жазуда.