«Сол қатын оңса, мұрнымды кесіп берейін!»: Белгілі емші Айшүл Елшібаеваға жауап берді

0
4 235

«Домбырасын дыңғырлатып тыныш жүрсе болады ғой!»


«Сол қатын оңса, мұрнымды кесіп берейін!»: Белгілі емші Айшүл Елшібаеваға жауап берді

Бұған дейін белгілі термеші, жыршы, дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаеваның танымал емші, сынықшы Бағдагүл Лепесованы сынап, орнына қойғысы келгенін жазған болатынбыз. Бағдагүл емші Айгүл ханымға өз жауабын беріпті.

«Термеші әйел ешқашан оңбайды. Әруаққа тіл тигізген, жоққа шығарған адам оңбайды. Жұғымсыз әйел ғой. Сол қатын оңса, мұрнымды кесіп берейін! Өтірік әңгіме айту ұят нәрсе ғой. Дін өкілі бола тұра. Діни адамға ұят нәрсе ғой. Күнәсін көтеріп жатқан жоқпын, бетке айтып жатырмын. Жыр-термесін айтып жүру де қиын болған-ау! Осыған не жетпейді?! Домбырасын дыңғырлатып тып-тыныш жүрсе болады ғой. Қиын болды мына карантин бұларға. Арнайы білім алған діндар адамдар айтса бір жөн», - деп жауап қайырды сынықшы.

Бұл ақпараттың соңын ала Айгүл Елшібаева сынықшыға қатысты жазбасымен бөлісті.


Желідегілер қазақстың қос қызының ұрысына басу айтып, сабырға шақыруда. «Қазақтың қыздары бір-бірімен қырылысып, эфирде не болса соны айтып. Үлкен де, жас та көреді ұят емес пе?!», «Құралай мыстан дегеніңіз не енді. Бұл жерде оның не қатысы бар. Мыстан сөзін көп қолданасыз», «Қыздар, бір-бірлеріңізге түсіністікпен қараңыздар, қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда сіз-біздесіп өмір сүрген жақсы ғой», - деп жазуда.