"Сұлтан Бейбарыстың жас кезіне ұқсайды": Гүлзира Айдарбекова ескі суреттегі бейнені тапқан адамға сыйлық бермек

0
3 853

Оқырман: "Қара шалыңыз, Нұртас көкем ғой!"


Хитмэннің анасы, шоу-бизнестегі ең беделді және белсенді продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына қызық ойын ұйымдастырған секілді. Ол ескі ақ-қара суретті жариялап, оның кім екенін табуды өтінген.

Сондай-ақ суретке "Сұлтан Бейбарыстың жас кезіне ұқсайды екен. Бұл кісіні танығандар бар ма?" деген жазба қалдырған.


Гүлзира Үсенқызының оқырмандары бірден бұл суреттегі Нұртас Айдарбеков екенін айтқан. "Мен сізге ұқсайды екен деп жазайын деп жатсам. Сұлтан Бейбарыс деген соң ойланып қалдым", "Нұртас аға Қайратқа ұқсайды екен", "Ақамосияның Атасы ғой" деген пікірлер біздің бұл сөзімізге дәлел бола алады.

Десе де арасында Сұлтан Бейбарысқа теңегеніне мысқылмен қараған оқырмандары да бар екен. Әзірге продюсер суреттегі нақты кім екенін айтпаған және жүлдесін де әлі анықтамаған.