"Сырт көзге қауқарсыз көрінгеніммен күш керек!": Төреғалидің жарының жазбасы оқырмандарды тәнті етті

0
3 452

Толқын: "Айналам мені біраз сөз етті..."


Танымал әнші Төреғалидің жары әлеуметтік желіде өзінің ыстық естеліктерін оқырмандарымен бөлісіп жүр. Күні кеше ол оқырмандарына алғашқы жылдарын есіне алып, гастроль деп жүретін жарын қалай сабырмен күткенін жазды. Ол кезеңдер айтуға оңай көрінгенімен, шын мәнінде өзіне үлкен күш керек болған екен.

"Емен ағашындай иілемін.
Төрем екеуміз отау құрғанда, барлық отбасын құрдымға әкелетін бәленің алдын алу мақсатында, екеумізде де еркелік бар, өзімізге жетерлік мінез де бар, сасық көкірек бәрінде бар, егер де екеуміз екі жаққа кететін болсақ, тек -Тәкаппарлықтан, - деді!
Сондықтан, қандай жағдай болмасын, арамызда ұрыс шығатын болса, біреу емен ағашындай иілу керек, кім иіледі ? - деп сұрады
Әрине мен, - деп жауап бердім!
Содан бері сол уәдемде тұруға тырысып келемін!
Шындығында, ол өте көп еңбекті талап етеді екен
Қаншалықты сабырлы болам деген сайын, пендешілік ойлар, көкіректі кернеп тұратын әрине)
Сырт көзге қауқарсыз, орысша айтқанда ЛОХ болып, көрінгенмен, бұл үлкен күш!
Ашудың үстінде сабырды сақтап, эмоцияңды ұстай білу - тіптен күшті.
Тойымызды отау құрғаннан кейін 3 жылдан кейін жасадық!
Мен ол кезде 2 ханшайымның анасы, 3-ші сәбиіме аяғым ауыр еді....
Айналам мені біраз сөз етіп, жаңалықтар біраз жыр етті... Десе де, Алланың қалауынсыз ештененің болмайтынын, сырттан тон пішудің қандай күнә екенін көбіміз білсек те, мән бере бермейміз-ау....
Бастапқы 3 жыл бойы Жарымның концертіне бармайтынмын, тақымымды қысып, тілеуін тілеп отырғаным, сахнадан тамашалап отырғаннан маңызды еді, әрі Жарыма ол уақытта сол үлкен қолдау болды!
Шынымды айтсам, ол кезде отбасы - деген фундаментті қалау басты приоритет болатын... Жағаласа-жарыса жүргеннен, күн-түн халықтың алдында жүрген Азаматымды күтіп-алып, шығарып-салу ең үлкен жұмыс деп білдім! Бастапқыда үйрену оңай болмады әрине, гастрольдік сапардан-сапарға аттанатын жарымды, тағатым таусыла күтумен жүретінмін!
Неге әлеуметтік желіде жоқпын, неге олай емес, неге бұлай емес деген сұрақтар мені мазаламаған екен... Себебі, Жарыма деген - Сенім, бір сәтке де күмән тудырған емес!
Жарымның қалауы - Алланың қалауы деп қабылдадым!".


Әншінің жары жазған бұл жазбаны оқыған оқырмандар оның сабырлығына риза болысып, жақсы тілектерін жаңбырша жаудырды. Көпшілік оның шыдамдылығына әсер еткен енесі екенін айтуда. "Алдымен сізде ақылды ене болған, содан соң өзіңіздің күштілігіңіз. Үлгі тұтар әйелсіз!", "Мықтысыз,расымен! Кез-келген әйелдің батылдығы жете бермейді", "Сабыр түбі сары алтын. Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа. Жарайсыз" деген пікірлер ол сөздерге дәлел бола алады.