"Тағы да марапат": Димаш Құдайберген "Жылдың үздік әншісі" атанды

0
1 314

Әнші әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті.


Еіліміздің таным әншісі Димаш Құдайберген Қытайдың JSTYLE Exquisite Annual Awards 2019 байқауында «Жылдың үздік әншісі» атағына ие болды.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін мен "Жылдың үздік әншісі" сыйлығын алдым. Рахмет, менің қымбаттыларым. Мен сіздерді шексіз жақсы көрем. Қытай. Пиньяо. 11.01.2020" - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Димаш Қытайда 2019 жылдың үздік шетелдік әртісі атанған еді. Бұл жайында "Internet Bull Ears 2019" сыйлығының қорытындысы бойынша белгілі болған.