Тамара Асар: "Шүкір, қысқа киемін, туфлимен жүремін!"

0
7 012

Тамара Асарға оқырмандары "Неге қысқа кимейсіз?" деген сұрақты жиі қояды. Алғашында бұл сұрақ әншінің көңіліне ауыр тиетін болған.


Тамара Асар:

Бірақ қазір бұл сұрақты естігенде күле салады екен. Өйткені қазір қысқа киеді, туфлимен де жүре алады.

Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасында айтып, төмендегідей жазба қалдырды.

Тамара Асар: "Сіз неге қысқа кимейсіз? Неге туфлимен жүрмейсіз?»- деген сұрақтар көп келеді маған. Шынымды айтсам бұл сұрақтарды алған сайын бұрын ренжитінмін, қазір жәй жымия саламын. Уақыт өте физиономиямның шектеулі мүмкіндіктерімен табанды айналыса отырып, қалыпты жағдайға жеткендеймін. (спорт) Шүкір. Бұл менің аласапыран санамның туа біткен энергиясының балансын тепе-теңдік жағдайда ұстап тұру үшін берілген ЕРЕКШЕЛІК... Айтсам асылық болмасын. Шүкір қысқа киемін, туфлимен жүремін... Мені шыңдайтын сұрақтарыңызбен талаптарыңызға үлкен раxмет!".


Мұны оқыған оқырмандары да әншімен бірге қуанып, "Тамараға киген киімі, айтқан əрбір əндері,жүрген жүрісі күлген күлкісі бəрі-бəрі жарасып тұрады", Тамаражан, сенің қазақ тілін керемет өрнектеп жазған бай тіліңнен, өзіңнің қазақи болмысыңнан айналдым, сұлу қызым!" деген сынды ыстық лебіздерін пікірге жазуда.