Танымал кәсіпкер халықты Шахановқа қаржылай көмек беруге шақырды

0
2 020

​Жақында ютуб желісінде ақын Мұхтар Шахановтың Аман Тасығанмен болған сұқбаты шыққан болатын. Ол бағдарламада ақын өзінің пәтер ақысын төлей алмай қиналғанын және "Жалын" журналын қайтара алмай жүргенін айтты. Мұны естіген танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген бұл іске білек түре кірісті.


Танымал кәсіпкер халықты Шахановқа қаржылай көмек беруге шақырды

Жақында ютуб желісінде ақын Мұхтар Шахановтың Аман Тасығанмен болған сұқбаты шыққан болатын. Ол бағдарламада ақын өзінің пәтер ақысын төлей алмай қиналғанын және "Жалын" журналын қайтара алмай жүргенін айтты. Мұны естіген танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген бұл іске білек түре кірісті.

Күні кеше кәсіпкер мырза ақынмен арнайы кездесіп, өзінің инстаграм парақшасында "Бүгін Мұхтар Шаханов ағамызбен кездестім. Көп нәрсе тұралы сөйлестік. Бұл дана адамның білетіні алтын қазына, ойы түпсіз терең мұхит. Бұндай ахуалға ұшырағаны, оның адамдарға сенгені. Біреуге бой ұсынып намысын сатпағаны. Елім, жерім деп шырылдағаны. Ия, үй қарызы мен оның 1 жылдық мәселесін шештік, бірақ ең маңызды мәселе бұл Мұхтар ағамыздың журналын оралту. Қарызы 46 млн.тг болған, 10 млн.тг өзі тапты, қалғанын қайдан табарын білмейді. Елден сұрауды ұят дейді. Бірақ... Сонда қазақтың ел тірегін көтерген, жеріміз тәуелсіз болуға ТІКЕЛЕЙ қатысқан, тіл мәселесі мен ЖЕЛТОҚСАН оқиғасы туралы шындықты дүниежүзілік деңгейде таратып, анық ақпаратты берген данышпан ағамызға көмек бере алмасақ, біздің қазақи НАМЫСШЫЛДЫҒЫМЫЗ БЕН ҰЯТТЫЛЫҒЫМЫЗ бес тиын да тұрмайды. Ертең мен ағамыздың жаңа есеп-шотын аламын, көмек берем десеңіз қосылыңыз. Көрейік қазақшылығымызды!Осы ақпаратты таратуға нағыз ел сүйер адамдарды шақырамын" деп жазба қалдырды.

Қайрат Құдайбергеннің бұл ісін қолдап, "бір жағадан бас шығарып" отырған қауым өте көп. Көп ұзамай жас депудат ақын ағамыздың атындағы шоттың нөмірінде жариялап, төмендегідей жазба жариялады.

Қайрат Құдайберген: "Мұхтар Шаханов ағамызға көмектесетін жандар болса, осы есепшотқа аз демей, көп демей, қанша болса да ақша салсаңыз болады жамағат. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, демекші, бір жағадан бас болайық ағайын! Жылы сөз жазып, көмегімен қолдаған əр жанға сансыз алғысымды білдіргім келеді. Намысымызды жерге таптамай, дана Мұхтар ағамызға демеу болайық достар! ЕСЕПШОТ: HALYK BANK. Мұхтар Шаханов. Бин:940140000385 Бик:HSBKKZKXKZT: KZ366015753100105083 ИИН:420702300360".

Жарияланғанына 2 ақ сағат болғанына қарамастан, бұл жазбаны 30 мыңнан аса адам көріп, 300 тарта оқырман көмекке дайын екендерін жазған.

Фото: kudaibergen_kairat

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ