Танымал сазгер Мәдина Сәдуақасованы шарапқа теңеді

0
3 386

Оны білген оқырмандары "Ішкіңіз келіп тұр ма?" деп сұрақ жолдауда.


Танымал сазгер Мәдина Сәдуақасованы шарапқа теңеді

Белгілі хит әндердің авторы әрі орындаушысы Ғазизхан Шекербеков халықтың сүйікті қызы Мәдина Сәдуақасованы шарапқа теңеді.

Сазгер өзінің парақшасына "Мадина, сіз таза вино сияқтысыз..." деген жазба жазып, бірге түскен суреттерін жүктеген.


Мұны оқыған желі қолданушылары бір бөлігі түсінбегендіктерін аңғартса, екінші бір тобы қалжыңмен қағытпа пікірлер қалдырған. Олар: "Қартайған сайын таттісің дегендей айттың ғой", "Дәмін көргің келіп тұрған сияқты", "Ішіп көріп пе едің?", "Мәдина жыл сайын сұлуланып барады" деген пікірлерін жазған.

Бірақ әнші де, сазгер де олардың ешбіріне жауап қатпапты. Десе де оқырмандар Мәдинанның әзіл түсіне алатын мінезіне риза.

Фото: sadvakasovamadina

ERNUR.KZ