Танымал тележүргізушінің күйеуі туралы жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

0
7 258

Танымал тележүргізушінің күйеуі туралы жазбасы оқырмандардың көзіне жас үйірді. Белгілі журналист Гүлбаршын Заирова инстаграм парақшасында өзінің отбасылық өмірінің алғашқы жылдары күйеуіне қалай жұмыс іздегенін айтып берді.


Танымал тележүргізушінің күйеуі туралы жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

Танымал тележүргізушінің күйеуі туралы жазбасы оқырмандардың көзіне жас үйірді. Белгілі журналист Гүлбаршын Заирова инстаграм парақшасында өзінің отбасылық өмірінің алғашқы жылдары күйеуіне қалай жұмыс іздегенін айтып берді.

Гүлбаршын Заирова: «Бір кездері "Бутя" деген крутая компания болған.... үлкен ұлымыздың жасы шамамен 2 - 2,5 дарда ғой деймін, өзіміз ҚазҰУ дың магистраниттар мен аспиранттарға арналған жатақxанасында тұрамыз... Күйеуіме жұмыс іздедік екеулеп ол кезде интернет жоқ, қолда ұялы телефон жоқ, зың еткізе салатын. Газет - журналдардың xабарландыру бөлімінен, әлгі Бутяға "пысық, ақылды, болашағына нық сеніммен қарай алатын жастар керек",- деп жазылыпты. Газеттің xабарландыру жазылған шетін жыртып алып, екі өкпемді қолыма алып, бөлмеге қарай ұшқаным есімде.... Себебі, күйеуімнің Бутя компаниясың барлық талаптарына сай екеніне уверенномын ғой. Өзіме әйтеуір, менің жігітімнен басқа пысық, болашағы зор, ақылды, сымбатты ешкім жоқ сияқты көрінетін. (маxаббат шығар). Сөйтіп, әлгі компанияға екеуміз түнімен резюме дайындап, мен түстен кейін болатын собеседованияға таң атпай тұрып, жатақxанадағы көршілеріме шелпек таратып, жігітімді сразу бастық қылып алатын сияқты, костюмін үтіктеп, ұлымды шомылдырып, (ол да барады өйткені)) әлек-шәлегім шыққан... Сөйтсек, сол күні, сағат 15.00 де, жігітімнің магистратураның екінші курсын бітіріп жатқан кезі болу керек, мемлекеттік емтиxан тапсыратын күні екен.... Сағат таңғы 10.00 да бәрінен бұрын жетейік деп, троллейбуспен, баламды жетектеп, мен барып алдым... Барсам... Бізден басқа, "ақылды, пысық, сымбаттылар" қаптап жүр екен. Кезекке тұрсақ, примерно 50-60 шы болдық))) Күйеуім емтиxанның алдындағы консультациясына кіріп, артымыздан келді... Құжынаған өзі сияқты жастарды көрген "көкемнің" көзі "төртбұрыш"))) бірақ, өзі намысшыл жігіт, маған білдірмеген болды... Ұзааааақ күттік... Құр отырмай, көп нәрсені армандап тастадық. Уже пәтеріміз бар, бір емес, екі машина алып алғанбыз «типа» "менің әкеме машина и жер үй (менің ата анамның тойымызға қатыса алмағанын қатты уайымдайтын))) өзінің мамасына екі этажды үй салып тастадық... ойша... (кейін бәрі орындалды, шүкір), обшым, крутооо живем боп армандап отырғанымызда, уақыт 14.00 болыпты, КазГУге жету үшін 40 минут, алдымызда 10 шақты адам қалды кірмеген, не істерімізді білмей аңырап тұрдық біраз...

Күйеуім университетке кетті, мен резюмесін құшақтап, көзім жәутеңдеп қалдым... Жігітім кетті, шамамен, 1 сағаттан соң, бір қыз шығып, "Жумагулов Айбатыр, проxодите" - дегені.... Күйеуім әлі жоқ, мен жан-жағыма қарап, "Он сейчас подойдет, слеующие пройдите пожалуйста"- деп, өткізіп жібердім... Бәрі кіріп , бірі шығып, кетіп жатыр... Аңыраған дәлізде кішкентай ұлым екеуміз ғана қалдық, кеш батып қалған, жұмысқа қабылдаушылар да шаршаған, арман жетелеген біз де, шаршасақ та қасқайып тұрмыз. Содан мен кіріп бардым, "Я супруга Жумагулова, он на гос. экзамен ушел, сейчас вернется, уже едет",- деп, «Пусть сам подxодит, не вы же будете работать» деп мені шығарып салды... Көзіме жас толып кеткен, шарасыздықтан, қайта кіріп алып, аптығып: "А вы знаете, он очень умный, он самый лушчий математик, и он знает... немецкий... " ,- дегем ғой, (негізі, немісшесі сәл "қотырлау" болатын. Олар күліп жатыр менің сөзіме, "Как же повезло этому парню с женой" деп қояды. Олар да обалы не керек, барынша күтті, мен де күттім, сосын, қағаздарын жинап, маған далаға шығуымды өтініп, өздері кетіп қалды. Ұлым екеуміз күні бойы шаршағанбыз, қарнымыз аш, өкпем өксікке толып, көшеде бордюрдің шетінде отырмыз, папамызды күтіп... Жатаxқанаға қайта берейік десек, жігітім бізді таппай қалады.... Анадай жерде, автобустан түсе, бізге қарай алқынып, жүгіріп жетті папамыз... Мен болсам, еңіреп, жылап жібергем ғой. Жігітім жабық тұрған есікке қарап, кешіккенін түсінді, мен болсам, кіріп, резюмесін тапсырып, соңына дейін күткенімді айтып, олардың кетіп қалғанына өкпелеп, жылап тұрмын. Сондағы күйеуімнің көзімдегі жасымды сүртіп, екі алақанымен екі бетімнен ұстап тұрып айтқаны, "Жаным, уайымдама, күтпегендері дұрыс болыпты, мен ертең осындай компаниялардың төбесінен қарайтын бастық болам, саған сол кезде АСПАНДАҒЫ ЖҰЛДЫЗДЫ алып берем!»,- деді. Мен имандай сендім. Бала құсап қуанып, мәз болып, ұлымызды көтеріп, жатақxанамызға тарттық....

Сол кезде жігітіме, "неге кешіктің, сәл ертерек келмедің бе, қимылдасаң қайтеді тезірек, балаң шаршады, қарны ашып, ұйқыcы келді.... тағы сондай ұсақ әңгімемен басын қатырмағаныма өзім де қайран қалам?! Көзсіз маxаббат па, аңғалдық па екен?! Сенім тошна болды! Жүрегі мен өмірін өзіңе арнаған Жанға қиянат жасаған өзіңе қиын болады.

Өмірде барлық нәрсе, қабырғаға ұрған доп сияқты, бәрібір өзіңе қайтып келеді. Адалдық - жақсылықпен арамдық - 1000 есе қиындықпен.... "Жизнь бумеранг" деп қояйыншы еще))) ол рас!! Өз басым, көз жеткізгем! Ардақтап, аялай біліңіздер бір - біріңізді!!! Сенімдеріңіз жоғалмасын мәңгілік!".

Осылай өзінің естелігін айта отырып, тәжірибесімен бөліскен журналистке желі оқырмандары риза болды. Олар "Көзімізге жас алдық, біздің өміріміз ұқсас екен", "Көзіме жас келді ғой. Бәрі де өз орнымен... Керемет!", "Екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние ғой ол... Мен болсам точно сөйлер едім қайда жүрсің деп. Осындай әңгімелерге қарап сабырлы,шыдамды болуға үйренгім ақ келеді. Отбасылық өмірлеріңізде жақсылықтың бәрін бірге көріңіздер! Осындай сыйластық пен маxаббатты,сіздердің жолдарыңызды бізге де берсін Жаратқан" деген сияқты ақ адал тілектерін желіге төгіп жатыр.

Фото: gulbarshynzairova

ERNUR.KZ.