Танымал жұлдыздар жол апатына түскен жігітке көмек бермек

0
2 567


Танымал жұлдыздар жол апатына түскен жігітке көмек бермек

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Қайсыбір мұсылман өзінің бауырына көмектессе, Алла оған көмектеседі» деген екен. Осы сөзді жадтарына сақтаған жұлдыздар 18 қараша күні қайырылымдылық кешін өткізбек.

20 жастағы жігіттің сырқаттан айығуы үшін кеш өткізуді қолға алған танымал "DANALI" музыкалық мектебі болып отыр. Мектеп ұжымы концертті өздері ұйымдастырып, түскен қаржыны көліп апатынан кейін ауыр жағдайға түскен Бағдаулет Әмірхановтың ем-домына жұмсамақ.

Бағдаулет мектепті үздік бітірген, Мәскеу қаласында өткен халықаралық жобада жүлделі болған. Сондай-ақ еліміздің атақты университетіне грантпен оқуға түскен. Бірақ осыдан бір жарым жыл бұрын кенеттен жол апатына түскен жігіттің қазіргі жағдайы қиын...


Қазақ эстрадасының жұлдыздары мен "DANALI" - музыкалық мектеп өнерпаздары барлық жанашыр оқырманды "ҮКІЛІ ҮМІТ" атты қайырымдылық концерке ат салысуға шақырады.

ERNUR.KZ