"Тапанша ұстаған қыздар": Танымал актрисаның қызы "қызойнақ" өткізді

0
5 811

Қызойнақ кешін қыздар "мафия" стилінде ұйымдастырған.


Отандық телеарналарда енді ғана танылып келе жатқан актриса Айым Сейтметова бойдақ өмірмен қоштасу кешін өткізді. 22 жастағы ару елімізге белгілі, танымал актерлар Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы.

Айым Сейтіметова жақын құрбыларымен бірге өткізген қызойнақ кешінің видоларымен өзінің Instagram парақшасындағы stories-те бөлісті. Қызойнақ кешін қыздар "мафия" стилінде ұйымдастырған. Қалыңдық ақ костюмде, қалған бойжеткендер қара түсті костюмде киінген және қолдарында тапанша болған.

Видеодан құрбылары болашақ қалыңдықты үйінен Gelendvagen көлігімен алып шығып, қала көшелерін аралап, кешті қаладағы арнайы дайындалған мейрамханалардың бірінде жалғастырғанын көруге болады. Ол жерде қыздар қастарына би билеп, ойындар ұйымдастырып көңіл көтерген. Видоның соңы болашақ қалыңдықтың доллары бар тортты жеуімен аяқталған.


видео kaz.nur.kz

ERNUR.KZ