Тәрбие туралы бағдарламаның шашы тым қысқа жүргізушісі халыққа жақпай қалды

0
3 392

Қалаулымның қатысушысы тәрбие, қыз құқығы, отбасы мәселелері туралы бағдарламаны жүргізбек.


Тәрбие туралы бағдарламаның шашы тым қысқа жүргізушісі халыққа жақпай қалды

Еліміздегі белді арналардың бірі - "Хабар" арнасы жуырда отбасы мәселелері, қазақ қыздарының құқығы, ұмыт болған салт-дәстүр тақырыптары жайында "Qalamaimyn!" атты жаңа бағдарламаны көрермендерге ұсынбақ.

Бағдарлама экранға шықпай жатып, көпшіліктің талқысына түсуде. Көпшіліке осындай белді арнадағы, тәрбиелік мәні бар, қоғамдағы маңызды тақырыптарды, атышулы "Қалаулым" бағдарламасының атышулы қатысушысы Ұлдананың жүргізетіні ұнамай қалған.

Ұлдана - "Қалаулым" бағдарламасында тікелей эфирде шашын тықырлап алып тастап танымал болған.

"Осындай адамды калай жүргізуші етіп қоясыңдар?, Көгілдір экран ойыншык болды ғой, "Хабар" арнасынан осындайды күтпедім. Төбелесіп, шашын қырқып неше түрлі жасап жүргендерді жұлдыз еттіңдер ғой!", "Хабар" телеарнасы екінші "Қалауым" сияқты тағы бір бағдарлама шығарайын деп отыр. Айтарға сөзім жоқ. Өсіп келе жатқан ұрпаққа тәрбие беретін бағдарламалар шығаруға болмай ма осы?", "Хабар" арнасының да қадірі кетіп бара жатыр", " Құрысын, мына ұяттан жұрдай атақ үшін арын сататын қыздар тағы шықты ма?", "Осыдан басқа адам таппадындар ма?" деп жазады оқырмандар.