Тәжікстан полицейлер туралы телехикаяға байланысты Қазақстанға нота жіберді

0
1 013

Қазақстандық "Патруль" телехикаясы Серік пен Берік есімді полицейлердің жұмысы туралы баяндайды.


Тәжікстан полицейлер туралы телехикаяға байланысты Қазақстанға нота жіберді

Тәжікстан "Патруль" телехикаясындағы көрініске байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жіберді.

"Тәжікстан СІМ Ақпарат және баспасөз басқармасы әлеуметтік желілерде пайда болған қазақстандық "Патруль" телехикаясының бейнесюжеттеріне байланысты 2020 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне B.A.S production продюсерлік орталығының және тапсырыс беруші "Тәуелсіз телевизия арнасы" ЖШС-ның қызметіне құқықтық баға беру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жала жабу және ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер жасау мәніне жедел тексеру жүргізу талап етілетіндігін хабарлайды", - деп жазылған Тәжікстан СІМ Facebook-дағы мәлімдемесінде.

Қазақстандық "Патруль" телехикаясы Серік пен Берік есімді полицейлердің жұмысы туралы баяндайды. Аталған телехикаяның эпизодтарының бірінде кейіпкерлер орысша да, қазақша да сөйлей алмайтын лас адамды ұстайды. Оны Тәжікстаннан келген мигрант деп ойлап, бөлімшеге жеткізіп, оған көліктерін жуғызып, дәлізді бояуға мәжбүрлейді. Кейін ұсталған адам елшілікке барар жолда адасқан Тәжікстан елшісі екені анықталады.