«Тефальді күйдірді»: Заңғар Нұртас келіншегінің қызықтарымен бөлісті

0
1 998

«Бірінші күннің бүлігі осы»


«Тефальді күйдірді»: Заңғар Нұртас келіншегінің қызықтарымен бөлісті

Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар Нұртас 9 жыл күткен сүйіктісі Жібекті жар етіп алғаннан кейінгі қызықтарымен бөлісті. Ұзатудың ертеңіне-ақ «Анамнан кейінгі ең бақытты әйел етемін» деп ағынан жарылды. Одан соңшымылдықтың ар жағында не болып жатқанын үзбей салып жүр. Айтуынша, келіншегі алғашқы күні асүйдегі газ пешінің үстіне тефальді аңдаусызда қойып қалып күйдіріпті. Сөйтіп, түнде ғаламтор арқылы тура сондай екіншісіне тапсырыс беріп, оны азанда алдыртыпты.

«Әке-шешемнің жақсы көретін тамақтарын жасап үйреніп жатыр», - дейді Заңғар.



Желідегілер «Ұялып тұрған адамды көрген жоқпын», «Келмей жатып тефаль өртесе, бір күні үйіңді өртейді», «Басында бәрімізде да болған ондай жағдай. Есіме түсіп кетті ғой», «Бақытты болыңыздар, кішкене нәрсені бетке баспай осылай түсініп, қалжыңдап күліп жүріңдер», «Үйленбей жүрген екен ғой, мына бала ашылайын деді. Осылар көктемнің хиті болды-ау» деген сияқты комментарийлерін жазды.