«Тіреп тұрған біреуің бар-ау!» дейді» : Рухия Байдүкенова алған медалі үшін сын естігенін айтты

0
949

«Өнерде жүрген қыздар жайлы жаман ой қалыптасып кеткен»


«Тіреп тұрған біреуің бар-ау!» дейді» : Рухия Байдүкенова алған медалі үшін сын естігенін айтты

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бір топ өнер адамдарына марапат, медальдар берілді. Олардың ішінде танымал опера әншісі Зарина Алтынбаева, шахматшы Жансая Әбдімәлік, белгілі продюсер Алтынбек Рахметов, журналист Асхат Садырбай «Құрмет» орденіне ие болды. Ал актер Азамат Сатыбалды да осы «Құрмет» орденін алғанда «Сүйінші сұрайтын әкем жоқ» деп көңілінің босағанын жазды.


Мереке қарсаңында ешқандай марапатқа ілікпеген әнші Меруерт Түсіпбаева: «Қанағатшыл адаммын… Арман болған «Қайраткерімді» 2014 жылы алғанмын… Сол жеткілікті! Рахмет, халқыма… Осы атаққа лайық болып жүрсем – #бірбақыт - дейді әнші.


Ел егемендігінің 30 жылдығына орай «Шапағат» медалі актер Нұрлан Қоянбаев пен блогер Денис Кривошеевке, талантты әнші Рухия Байдүкеноваға табысталды.


Желі қолданушылары мемлекеттік наградаларға ие болған өнер адамдарына, блогерге қатысты түрлі пікірлер жазуда. Әрине, оның бәрін түгелдей келтіру мүмкін емес.


Жас болса да, халықаралық додаларда топ жарып, 23 жасында 2 медаль алған Рухия Байдүкенованың жанына оқырмандардың теріс пікірлері батқан сияқты.


«Таза ниет, таза жол, жақсы ой» менің басты ұстанымым өнер жолыңда!
Иә, Аллаға шүкір, құрметтеп, сыйлап көлік, жұмыс орнын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын, ел Тәуелсіздігіне орай «Шапағат» медалін мемлекет берді. Президент менің жеңісімді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады. Яғни, жас буын жалғастырушы деген мағына… 5 ай бойы күнделікті сьемка , концерттер, сұхбаттар ұйқысыз күндер мен түндер өтуде армандарымның бір бөлшек шеттері орындалуда! Кешегі медаль үшін сын естідім, “тіреп тұрған біреуің бар-ау” дегенді естіп қалдым… иә, бар ол біреу ғана Жаратушы Алла! Өнерде жүрген қыздар жайлы жаман ой қалыптасып кеткен, барлығы бірдей емес. Жалпы, мені қаншама жақын деп жүрген адамдарым сатып,жол кесіп, артымнан әңгіме айтып кетсе де мен өз ішкі жан дүниемде кек сақтап ол адамдарға жамандық тілемеймін. Вот и секрет успеха вам. Адамның ниетіне қарай береді… Әрине , бұл постты шығармауым керек еді бірақ, мен тірі адам, өмір сүріп жүрген жан дүнием барың ұмытпаңыздар … Алла қаласа, мен әлі де тоқтамай еңбек етемін. Әр адамның өмірде миссиясы бар. Тамақ жеп, ұйықтап, өсек айтудан бөлек бір ғажайып ерекше өмір бар… ол НИЕТ-АРМАН-МАҚСАТ-ЕҢБЕК-ТАЗА ЖҮРЕК! Мен барлық адамзатты жақсы көремін»
, - деп жазды Рухия.