Төреғалидің әйелі: "Жүрегім махаббатымның соңынан көзімді жұмып жүре бергенімді қалады"

0
2 275


Төреғалидің әйелі:

"Ұлы дала келіні" атанып жүрген Толқын Тұрарбекқызы өзінің түйгендері мен білгендері туралы әлеуметтік желіде жазып, оқырмандарымен пікір алмасып жүр. Көбінде отбасылық өмірі, күйеуімен қарым-қатынасы туралы жазатын ол, бұл жолы да күйеуге деген сенім және оның беріктігі туралы сөз етті.

Толқын Тұрарбекқызы: "Сәлем бердім, баршаңызға! Ерімнің артынан ере берем.

Тағдырға мойынсұнып, ерімнің артынан еріп келем...
“Магистрлік дипломым бар, шет тілдерін білем, жұмыс істеуім керек, сен мені былай қамтамасыз ет” деген ойдан аулақпын, өзімді дамытуды да тоқтатқан емеспін, Аллаға шүкір! Ол да Алланың қалауымен! Тек әр деңгейдің өзінің ПРИОРИТЕТТЕРІ болады екен, соны дұрыс бағыттауға, дұрыс пайдалануға тырысып келемін!
Сондықтан, жүрегім махаббатымның соңынан көзімді жұмып жүре бергенімді қалады... Ал ақылым жүрегімді тыңдады, әрі қателескен жоқ.
Аллаға шүкір, көптеген пайым мен көзқарастар уақыт өте, істеген әс-әрекетіңмен ниетіңе қарай келе беретінін қазір сезінемін! Әрі қуанамын!
Неге?!
Себебі сол бақытыма сенгеніме, сенімімнің жеңіп келе жатқанына көзім жетеді!
Бақытқа жетелейтін, тек қуаныш емес...
Бақытқа жетелейтін, қиындықтан жан-жарыңмен қол ұстасып, араңнан ала жіп өтпейтіндей сеніммен бірге өту...
Ол алапат күш дер едім... Бір қиындықтан өткен жұптың арасындағы байланыстың түбі көрінбестей тұңғиық секілді.... Аллам амандығымызды берсін
P/s: Әр қиындықтың артында жеңілдік бар!
Ал біз сол қиындықтан өте алдық па?!
Әлде жеңілдігімізге әлі жете алмай келеміз бе?!".